БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері

Зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсуде

 БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері 

 Жыл сайын өсіп келе жатқан зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігін дәйектей отырып, қаржылық қауіпсіздікалаңын қалыптастыруда.

2023 жылғы 1 сәуірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары бар. Жыл басынан бері ол 736 млрд теңгеден(немесе 5%) астам сомаға өсті.  Бұған зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс кіреді. 2023 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 487,4 млрд теңгеболып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Зейнетақы жинақтарының өсуі, сондай-ақ, жыл басынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін 336,33 млрд теңгеге жеткен таза инвестициялық кірістің арқасында қамтамасыз етілді. Олөткен жылдың көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңгеге немесе 14% артық.

Дата публикации
18 мая 2023