«БЖЗҚ» АҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді. «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық – Қор салымшыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі
2022 жылы Қор қызметтерін көрсету барысында«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің санына пошта операторының тағы 27 бөлімшесі қосылып, 376-ға дейін ұлғайтылды. Бұл шалғайдағы елдімекендердің тұрғындарына, қажет болған жағдайда, өздерінің жеке деректеріне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың неғұрлым танымал әрі ыңғайлы тәсілін нақтылап, таңдауға мүмкіндік береді.