Азаматтардың БЖЗҚ бөлімшелеріне өздері келіп өтініш білдіруін талап етпейтін электрондық қызметтер еліміз бойынша барынша танымал болуда. Олар қол жетімді әрі ыңғайлы. Көптегенсалымшылар осы қызмет түрлерінenpf.kz. сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде пайдалануды жөн көреді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап үш ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 6,8 млн қызмет көрсетті. Азаматтар бұл қызметтердің 68% (4,6 млн) электрондық форматта, 24,8% (1,7 млн) - автоматты түрде, 2,51% (170,5 мың) – қашықтан ақыл-кеңес түрінде алуды жөн көрген. Осылайша, зейнетақы қызметтерінің шамамен 95% қашықтан алуға болады.