Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Байзақ ауданының

Түймекент ауылдық округінің

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 25 маусымға Байзақ ауданында Түймекент ауылдық округінің әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған Байзақ ауданының Түймекент  ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                                                   А. Тулепбергенов

Комиссия хатшысы                                                   Р. Анаркулова

 

 

Сарыкемер ауылы.

2023жылғы 17 мамыр  №22

 

Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
17 мая 2023