Байзақ ауданының
Үлгілі ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 04 маусымға Байзақ ауданында Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 04 маусымға тағайындалған Байзақ ауданының Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Тулепбергенов
Комиссия хатшысы Р. Анаркулова
Сарыкемер ауылы.
2023жылғы 26сәуір
№18