Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық және танысу үшін қолжетімді. Қордың enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылады.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,13 трлн. теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15,12 трлн. теңгені құрады. Инвестициялық портфельді басқарудағы зейнетақы активтері 9,6 млрд. теңге.