Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!

2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдеріне ие болды. Оның  4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес Акционерлік қоғамымен бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.

Дата публикации
12 апреля 2023