БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.
Жалған делдалдар өздерін Қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50% кез-келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынуда. Бұл ақпарат "жалған" және шындыққа сәйкес келмейді!