Бірлескен зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтарын басқару тәсілі ретінде

2023 жылғы 14 наурызда БЖЗҚ филиалдарында кезекті Ашық есік күні мәресіне жетті. Дәстүрге айналған іс-шара үнемі жаңаша сипатта өтеді. БЖЗҚ мамандары ең өзекті тақырыптарды және ақпарат берудің қолжетімді нысанын таңдайды.

Бұл жолы республика бойынша өткізілген іс-шараның онлайн-трансляциясына жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тағы бір өнімі – зейнетақы аннуитеті және оның жаңа нысаны – бірлескен (немесе отбасылық) аннуитет туралы көбірек білгісі келетіндердің барлығы қосылды.   

Дата публикации
12 апреля 2023