Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөліміне және Ботамойнақ ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 5 бұзушылықтар анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпегені 2 фактісі анықталды.