Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі салық салуды нақты және сауатты басқару болып табылады, өйткені бұл процестің ұйымдастырылу деңгейіне елдің салық саясатының тиімділігі байланысты. Салық салу - мемлекеттің ең көне функциясы және экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы қоғам дамуының негізгі шарттарының бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық көлемде әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабының негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.
1 кезең - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап
Жоғарыда аталған тұлғаларының ұғымдары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Бұған қоса, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген.
2 кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
3 кезең - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап
4 кезең - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап
Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар декларациялардың қандай нысандарын тапсыруы тиіс?
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Декларацияны ұсыну мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша ұсынылады:
Декларацияны табыс етудің осы мерзімдері төмендегі тұлғаларға қатысты қолданылмайды:
Сайланбалы лауазымдарға үміткерлер мен олардың жұбайлары декларацияны кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күнінде көрсетіледі.
Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін декларацияны табыс етеді. Мәліметтер декларация табыс етілген айдың бірінші күнінде көрсетіледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш берілген күнге дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер (250.00-нысан) осы декларация табыс етілген айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы.
Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына, ХҚКО-ға келу тәртібімен, сондай-ақ почта арқылы.
Иманберді Алтынай,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығы бөлімі маманы.