Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

             «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес:

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесіосы өкімніңқосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Әзімханұлы Заурбековке жүктелсін.
  3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімінің  міндетін атқарушы                                                   Б.Сағынбеков

 

 

 

 

 

Байзақ ауданы әкімінің 
2023 жылғы «23» ақпандағы
№ 21-Н/Қ өкіміне қосымша

 

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

 

  1. Байзақ ауданыәкімінің орынбасары
    (қаржылық мәселелерге жетекшілік ететін);
  2. Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы;
  3. Байзақ ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 марта 2023