Сазтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 12 ақпанда  Байзақ  ауданы  Сазтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,  Байзақ  ауданының  Сазтерек  ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы,№141учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сазтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 998 азамат енгізілді, олардың 687 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны 15, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         А Маткулов   77;   Назарбек Ж 38; Ж.Шайхиев 554.

 Сазтерек  ауылдық округінің әкімі болып  Шайхиев Жумабек Асанович сайланды, 1964 жылы туған,  Байзақ  ауданы  Сазтерек  ауылдық округі,  Сазтерек ауылдық округінің әкімі, Абай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 Байзақ аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағығы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда  сайланған    Байзақ ауданының  Сазтерек ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 Байзақ аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
16 февраля 2023