«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының шешімімен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидат тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:
№8 сайлау округі бойынша:
1.Тулеуишов Болат Артыкбаевич, 1966 жылы туған, ЖШС «Барс-Нар» директор, Тараз қаласының тұрғыны, бірмандаттық сайлау округі бойынша "Қазақстан Халық партиясынан" ұсынылған.
2.Жадиков Ерлан Алтынбекович, 1978 жылы туған,«Азаматтарға арналған үкімет» Жамбыл облысы филиалы кадр жұмысы басқармасының жетекші сарапшысы, Байзақ ауданы Абай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3. Телеуов Оразалы Телеуович, 1958 жылы, АҚ«Промхиммонтаж» бас директор, Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз аулының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.