2022 жылдың АУЫЛДЫҚ бюджеттің (аЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ) атқарылуы туралы
2022 жылы ауылдық бюджеттің кірістері 64,7 млн.теңге сомасында немесе 101,0%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 0,6 млн.теңге артық түсті. Жалпы кірістердің 9 %-ін менш ішкі кірістер, 42%-ін аудандық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер мен 49%-ін аудандық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.
Жоспардағы салықтық түсімдер 5,8 млн.теңге сомасында немесе 110%-ке қамтамасыз етілді.
Ауылдық бюджет шығындары жоспарда 64,6 млн.теңге болса, іс жүзінде 64,6 млн.теңгеге немесе 100,0%-ке орындалды.
Жалпы, 4 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішінде 4-ібюджеттік қаражаттарды игеру бойынша 100%-тік көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Аудандық бюджеттен бөлінген 58,2 млн. теңге сомасындағы нысаналы трансферттер мен субвенциялар 100,0%-ке игерілді.
Функционалдық бағыттар бойынша:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарда 36,6 млн.теңге болса, орындалғаны 36,6 млн.теңгені немесе 100%-ті құрады.
Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты