Аудандық мәслихат депутаттарының назарына

Жетінші  шақырылған  Байзақ  аудандық   мәслихаттың   кезектен   тыс ХХІІ – сессиясы 2022 жылғы 7 ақпан күні сағат 1600 – де мәжіліс залында мынадай күн тәртібімен өтеді:

         1) Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы туралы;

2) «Байзақ аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 ақпандағы №25-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Байзақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

         4) "Байзақ аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 қазандағы №54 – 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         5) "Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 наурыздағы №12 – 13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         6) «Байзақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 маусымдағы № 31 – 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         7) «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 маусымдағы № 31 – 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         8) «Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №40 – 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         9) «Аудан әкімдігі жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 маусымдағы №31 – 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         10) "Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63 – 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         11) "Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 маусымдағы № 31 – 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат аппараты

Дата публикации
02 декабря 2022