Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

ЖОБА

 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастарресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.
  2. Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Д.Дәулетовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                   ТӘА

 

  

Жобаны ұсынушы:

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары                                      Д.Дәулетов

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Дата публикации
24 ноября 2022