ҮЕҰ-ы өкілдерімен кездесті
Аудан әкімінің орынбасары Д.Дәулетов аудандағы үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен кездесті.
Ауданда «Ақбұлақ», «Отандастар», «Сенім-Байзақ», «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері», «Қазақ соқырлар қоғамы» ұйымдары белсенді жұмыс жасап келеді. Аудандық «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» республикалық коммерциялық емес акционерлік қоғамының республикалық деңгейдегі әлеуметтік жобаларды жеңіп, облыс көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізсе, «Қазақ соқырлар қоғамы Байзақ корпоративтік қоры» зағип жандарға, І топтағы мүгедек азаматтарға сурдо-аудармашы, жеке көмекші қызметтерін көрсетіп келеді, «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан азаматтардың құқығын қорғау жұмыстарымен айналысады. Олар мемлекеттік міндеттерді шешу, оларды талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану мақсатында аудан әкімдігі жанындағы барлық кеңестерге, жұмысшы органдар жұмысына үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тартылған.
Кездесу барысында аудандағы ҮЕҰ-ды қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы аудан көлеміндгі мәселелердің тақырыбы төңірегінде сөз айтылды.

Дата публикации
17 июня 2022