«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17315 болып тіркелді) Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің 2023 жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын шаралардың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдар және азаматтармен көпшілік талқылауы үшін өз интернет-ресурстарына орналастырды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет ресурста жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.