2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 37-бабына сәйкес:

  1. 2022 жылғы 4 қазандағы аудан әкімінің төрағалығымен өткен жылыту маусымы штаб отырысының №4 хаттамасын негізге ала отырып (ауа райының өзгеруі мен сыртқы температураның төмендеуіне орай), 2022 жылғы 5 қазан сағат 00:00-ден бастап аудандағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, білім, балабақшалар және әкімшілік шаруашылық мақсаттағы нысандардың жылыту қазандықтары іске қосылсын.
Дата публикации
05 октября 2022