Сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Байзақ ауданының аумағында қосымшаға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
- Байзақ ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2135 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 сәуірдегі аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Рахманбердиев