Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі, Бурыл ауылының «Арай» алабындағы тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы

Жиналыс төрағасы – Бурыл ауылдық округі әкімі Е.Аширбеков

Хатшы – Бурыл ауылдық округі әкімі аппараты құжаттама-құрылымдық

бөлімшесінің басшысы Э.Шопанбаева

Қатысқандар:

  1. Бурыл ауылдық округі тұрғындары – 56 адам (тізімі қоса тіркелді)
  2. Бурыл ауыцлдық округі әкімі аппараты қызметкерлері - 9 адам

Күн тәртібінде:

 1.Бурыл ауылдық округі,  Бурыл ауылына қарасты  «Арай» алабындағы көшелерге атау беру туралы

          Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе  бойынша ауылдық округ әкімі Е.Аширбеков,ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы С.Қуатбеков сөз сөйледі.

         Е.Аширбеков:2010 жылдан бастап  Бурыл ауылында халық санының көбеюіне байланысты ауылға жаңа алаптар қосылып, елдімекен жерлері кеңейтілген. Бүгінгі күнде ауылдағы жаңа алаптарда көше атаулары жоқ екендігін ескере келе, Республикалық ономастика комиссиясы ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекіткен «555 Тарихи тұлғалар», «380 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, төмендегі көше атауларының тізімін ұсынып, бірауыздан шешімге келуді сұраймын.

         Арай алабының 1-ші көшесіне  - «Бақдәулет көшесі»

          2-ші көшесіне - «Бірлік көшесі»

          3-ші көшесіне - «Ақжүрек көшесі»

          4-ші көшесіне - «Шаңырақ көшесі»

         5-ші көшесіне  - «Достық көшесі»       

          6-шы көшесіне - «Жібек жолы көшесі»

          7-ші көшесіне  - «Арай көшесі»

         8-ші көшесіне -  «Байғазы көшесі»

         9-шы көшесіне – «Үшарал көшесі»

          10-шы көшесіне – «Тұлпар көшесі»

          11-ші көшесіне - «Тәуелсіздік көшесі» деп атау беруін ұсынамыз.

С.Қуатбеков: Менің айтарым көшеге атауберуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

         Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарыашық дауысқа салып, бірауыздан қолдады. 

Қолдаушы:  56 адам

Қарсы:  жоқ

Қалыс: жоқ

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 Байзақ ауданы,Бурыл ауылдық округі,Бурыл ауылындағы «Арай» алабының көшелерінің:

          1-ші көшесіне  - «Бақдәулет көшесі»

          2-ші көшесіне - «Бірлік көшесі»

          3-ші көшесіне - «Ақжүрек көшесі»

          4-ші көшесіне - «Шаңырақ көшесі»

          5-ші көшесіне  - «Достық көшесі»       

          6-шы көшесіне - «Жібек жолы көшесі»

          7-ші көшесіне  - «Арай көшесі»

          8-ші көшесіне -  «Байғазы көшесі»

          9-шы көшесіне – «Үшарал көшесі»

          10-шы көшесіне – «Тұлпар көшесі»

          11-ші көшесіне - «Тәуелсіздік көшесі» деп қайта аталсын.

  1. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс аудан әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 Жиналыс төрағасы:                                                           Е.Аширбеков

 Жиналыс хатшысы:                                                           Э.Шопанбаева

 

Дата публикации
24 мая 2022