БЖЗҚ салымшылары Қор жұмысының ашық екеніне көз жеткізді

Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналып үлгерді. Салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу үшін біздің қызметкерлер оны тағы да виртуалды кеңістікте өткізді.

Кез келген адамның үйінен шықпай-ақ онлайн платформа арқылы іс-шараға қосылып, Ашық есік күніне қатысу мүмкіндігі болды. Басты тақырып – «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?». 

Дата публикации
01 июля 2022