2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жаңартылды.

Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 мамырындағыжағдай бойынша инвестициялық басқарудағы  зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,0 трлн. теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12 914,3 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,9 млрд теңгеге жетті.

Дата публикации
01 июля 2022