Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылғаннан бергі таза инвестициялық кіріс - 6,8 триллион теңге

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,8 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) 5,9 трлн теңгеге жетті.Ал Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан бергі инвестициялық табыс 6,8 трлн теңгені құрады.

Дата публикации
01 июля 2022