Барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,2 триллион теңге болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 13,0 триллион теңге. Бұл қаражаттың  зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктірген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,2 трлн теңгеге жетті.

2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығындағы таза инвестициялық табыс шамамен 128,7 млрд теңге болды.

Дата публикации
16 июня 2022