5 сұрақ айдары. БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Қазір бүкіл әлемде жағдай шиеленісіп тұр, доллар мен еуро бағамдары күн сайын артып келеді, сол үшін де БЖЗҚ салымшылары ретінде зейнетақы жинақтарының жай-күйіне қатысты алаңдап отырмыз. Бұл ахуал біздің жинақталған қаражатымызға қалай әсер етуі мүмкін, соны айтып жібересіз бе?

2) Қайырлы күн! Қазір ақшадан тапшылық көріп отырған жайым бар,нәтижесінде тұтынушылық несиемді төлей алмай қалдым. Оның ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба? 

3)Сәлеметсіз бе! Күйеуіммен ажырасып кеткенмін, алайда бұрынғы жұбайымның туыстары зейнетақы жинақтарымның сомасын білгісі келеді, әрі сол жинақтарымды алуға мені күштеп көндірмекші. Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан менің жинақтарым туралы үзінді көшірмені менен өзге біреулер ала ала ма?

4) Үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын алдым, оған дейін Бішкекте тұрдым, әрі Қырғызстан Республикасында еңбек өтілім болды.  Жақында ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру келісімі туралы жаңалықты оқып қалдым, енді мен зейнетке шыққанда туған елдегі өтілім үшін төлемдер ала аламын ба, жоқ па, соны түсінгім келеді?

5) Мәселен, көршім өзінің зейнетақы жинақтарын баспанаға алып қойды делік, мен алған жоқпын, алайда болашақта екеуіміздің зейнетақымыз бірдей болады деген сөз рас па? 

Дата публикации
14 апреля 2022