Ақпанның алғашқы бейсенбісі - Дүниежүзілік сайлау күні

Әлем бойынша дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Осы күнге орай 2022 жылдың 08 ақпан күні Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Дүниежүзілік сайлау күні» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты: мемлекеттік органдардың құрылуындағы сайлаудың маңызы мен рөлін анықтау. Осы күнді өткізудің басты міндеттері – сайлау туралы оқушыларға ақпарат беру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында оқушылар сайлаудың құқықтық демократиялық мемлекеттегі маңызы туралы пікір алмасты.

Дата публикации
08 февраля 2022