03.02.2022 ж.аудан әкімшілігінің акт залында 2022 жылғы Дүниежүзілік сайлау күнінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясы төрағасымен № 146 учаскелік сайлау комиссиясы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Байзақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Төлепбергенов Абдан Баяуұлы "Сайлау және сайлану конституциялық құқығы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
