Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.А.Назарбаев 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»бағдарламасына қосылған бірден-бір қадамы Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің біріңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру осылайша 2016 жылы қызметтері жаңадан құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның елімізді мемлекеттік қызметтердің біріңғай провайдері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамның барлық органдары құрылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімінде 694 қызметтің 665 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалының Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінен 2021 жылы 23 454 өтініш қабылданып 27 518 құжат берілді. Электронды түрде қызмет алуға насихаттау жұмыстары жүргізіліп,түсіндіру жұмыстарының нәтижесі Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 18 421 қызмет көрсетілген.2020 жылдың қазан айынан бастап QR төлем іске қосылды. Бұл дегеніміз Халық банк,Сбербанк,АТФ банктерінің карталары,Kaspi.kz және Актив абонентін қолданушылар құжат өткізу барысында QR төлеммен төлем жасай алады. Сондайақ ос жылы Egov mobail қызметі қолданысқа енді. Тұтынушылар Egov mobail арқылы ұялы телефондарын тіркеп қажетті анықтамаларына қол жеткізе алады. 2021 жылы бірқатар мемлекеттік қызметтер түрлері оңтайландырылып халық назарына ұсынылған.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Байзақ аудандық Халыққа
қызмет көрсету бөлімі