БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндері

2021 жылдың 10 желтоқсанында күні  сағат 10-00 және 12-00, 15-00 БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтері, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкіндіктері туралы біліп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бірі - Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы толыққанды айтылатын болады.
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндері
Дата публикации
08 декабря 2021