БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті

Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны  белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген. Дегенмен Қор қызметімен жұртшылықты барынша қамтамасыз ету мақсатында шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап, үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы бастау алған болатын. «Жылжымалы кеңсе»  - салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған,  жерсеріктік байланысты бар шағын автобус.

Айта кетерлік жәйт, шалғай ауылдардың тұрғындары «Жылжымалы кеңседе» БЖЗҚ бөлімшелерінде алуға болатын барлық қызмет түрлерін ала алады. Олардың ішінде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, салымшы деректемелеріне өзгерту/толықтырулар енгізу, хабарландыру тәсілі туралы келісімге отыру, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтініш беру және т. б. қызмет түрлері бар.

БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті
Дата публикации
08 декабря 2021