Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргізетін қарқынды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебінің курсын өткізіп келеді. Ондағы мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметі, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер жайлы хабардар етіп отыру.
Қаржылай сауаттылық бойынша дәрістер игі дәстүрге айналды, коронавирус індетіне қарамастан ол БАҚ өкілдеріне онлайн-форматта беріле бастады. Мектептің негізгі аудиториясы – журналистер, блогерлер мен журналистика факультеттерінің студенттері, өйткені, халыққа ақпарат таратуда олар аса маңызды орын алады.