Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.11.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп.
Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 24,5 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр он айдың ішінде Қор салымшылары қашықтан 14,5 млн жуық қызмет алды) өсті. БЖЗҚ сайты мен ұялы байланыс телефонындағы қосымшада орналасқан Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.