Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы – 10,9 пайыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 13,2 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

Зейнетақы жинақтарының едәуір өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейін БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,2 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6 млрд теңгеге немесе 10% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 9,9%, ал инфляция 7,0% болды. Соңғы 12 айда инфляция 8,9% болса, кірістілік 10,9%  көрсетті.

Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы – 10,9 пайыз
Дата публикации
08 декабря 2021