Байзақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

ЖОБА

 

 

 

Байзақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

  

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасынасәйкес Байзақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

  2. Осы шешімнің 2-қосымшасынасәйкес Байзақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.

  3. Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 35-2 «Байзақ ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы» Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 3995 болып тіркелген шешімініңкүші жойылған деп танылсын.

  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  5. Осы шешім, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Лауазымы                                                                     ТАӘ

 

 

 

Байзақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Дата публикации
17 ноября 2021