Байзақ ауданы әкімдігі «Ауыл шаруашылық» бөлімі КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы №15-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының
8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа алып, Байзақ ауданы әкімдігі «Ауыл шаруашылық» бөлімі КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Байзақ ауданы әкімдігі «Ауыл шаруашылық» бөлімі КММ (әрі қарай - Бөлім) қызметінің 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 1–28 қазан аралығында жүргізілді.
Бөлім Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-Процестік Кодексін», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұйрығын басшылыққа алып қызмет атқарады.
Бюджеттік қаражаттардың жымқырылуына жол бермеу мақсатында бөлімде Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы стенд қарастырылған.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мақсатында 2021 жылға арналған құқықтық оқытуды өткізудің кестесі бекітілген, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 10 хаттама толтырылған.
Бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:
Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметшілер саны – 6. Олар: бөлім басшысы Ақжолов Нұрсұлтан Алтайұлы, бөлімнің сектор меңгерушісі Канкожаев Нұрғиса Сарсенбайұлы, бас мамандары Маханбеталиева Бекзат Торгайбаевна, Молдасынова Ажар Сабитовна, Мусрепбаева Балжан Мадимаровна, Өмірәлі Қосар Жомартұлы.
Ағымдағы жылы ішкі конкурс нәтижесінде Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы 6-Ж/Қ бұйрығымен бөлімінің сектор меңгеруішсі болып Канкожаев Нұрғиса Сарсенбайұлы тағайындалды.
Өмірәлі Қосар Жомартұлы 13.04.2021 жылы және Молдасынова Ажар Сабитовна 29.09.2021 жылы ауысу тәртібімен тағайындалды.
Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2021 жылғы 05 қаңтардағы 05-Н/Қ бұйрығымен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген.
E-қызмет ықпалдастырылған жүйесінде демалыс беру туралы, іс-сапарға жіберу туралы және т.б. өкімдері уақытылы енгізілуде. Бөлім қызметкерлерінің еңбек уақытын есептеу кестесі (табель) E-қызметте уақытында жүргізілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес бөлім ғимаратында стенд ілінген.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар арасында жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей байланысты лауазымдар жоқ.
Ағымдағы жылдың 9 айында бөлімде электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны барлығы: – 226 қызмет көрсетілген.
Бөлім ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат» (қазақ тілдерінде - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат», «Информация о государственных услугах») тақырыбындағы ақпараттық тақтайша ілінген.
2021 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бөлімде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Lotus-Notes» ақпараттық құжат айналымына қосылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі аудан әкімі аппаратына «Lotus-Notes» жүйесі арқылы құжат айналымы бойынша әр сәрсенбі сайын мәлімет беріледі.
2021 жылға арналған істер-номенклатурасы 2021 жылы ақпан айында ауданның мұрағатымен келісіп бекітілген.
Бұдан әрі, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының негізінде бөлімде 120-баптың талаптарына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдері, мөрлер, мөртабандар және құжаттарды қорғау құралдары мөрленетін сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.
Алайда, жоғарыда аталған ережелердің 110-бабына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды ұйым басшыларының бұйрықтарымен (өкімдерімен) тағайындалатын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады (яғни жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалмайды).
2021 жылдың 9 айында бөлім басшысы негізгі құрам бойынша 21, жеке құрам бойынша 36 бұйрық қабылдаған.
2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері.
Бөлімге қатысты 2021 жылы 9 айында тексеріс жүргізілмеген .
3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.
Бөлімде халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында "бірыңғай байланыс орталығы-1424"телефоны бар.
2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мерзімді басылымда 1 мақала жарияланған (Ортақ қоғамдық іс).
4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
2021 жылдың 9 айында бөлімде жеке және заңды тұлғалардан барлығы- 7 өтініш (жеке тұлға-6, заңды тұлға-1) тіркелген. Барлығы мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне жауаптары берілген.
Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері анықталмаған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 90-бабына сәйкес «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті» делінген.
Бөлім басшысы бекіткен кестеге сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдеріне ай сайын жеке қабылдау жүргізеді.
2021 жылы 9 айда бөлім басшысы 22 азаматты қабылдады, 22-не ауызша түсінік берілді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадығы «Ақпараттандыру туралы» №418-V Заңы және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» №401-V Заңына сәйкес бөлімде аудан әкімі аппаратына «ЛОТУС NOTES» жүйесі арқылы құжат айналымы бойынша әр сәрсенбі сайын мәлімет беріледі.
Жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау іс-шаралары орындалуда.
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi.
Прокурорлық қадағалау актілері болмаған.
6) Сот актілері
2021 жылы бөлімге қатысты сот актілері болған жоқ.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.