Байзақ ауданы әкімдігінің «Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы №15-Н/Қ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Байзақ ауданы әкімдігінің «Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Байзақ ауданы әкімдігінің «Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ –нің (әрі қарай - Бөлім) қызметінің 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың
1-28 қазан аралығында жүргізілді.
Бөлім Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін», Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-Процестік Кодексін», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұйрығын басшылыққа алып қызмет атқарады.
Бюджеттік қаражаттардың жымқырылуына жол бермеу мақсатында бөлімде Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бар.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мақсатында 2021 жылға арналған құқықтық оқытуды өткізудің кестесі бекітілген, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 7 хаттама толтырылған.
Бөлімде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:
Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде мемлекеттік қызметшілер саны – 3. Олар: бөлім басшысы Нахимов Еркин Жумабекулы, бас мамандары Шолтабаева Шибек Шораевна және Жапар Нұржан Мұхтарұлы.
Ағымдағы жылы ішкі конкурс нәтижесінде Байзақ ауданы әкімінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №91-Ж/Қ өкімімен Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып Нахимов Еркін Жұмабекұлы тағайындалды.
E-қызмет ықпалдастырылған жүйесінде демалыс беру туралы, іс-сапарға жіберу туралы және т.б. өкімдері уақытылы енгізілуде. Бөлім қызметкерлерінің еңбек уақытын есептеу кестесі (табель) E-қызметте уақытында жүргізілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес бөлімде стенд ілінген.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар арасында жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей байланысты лауазымдар жоқ.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бөлімде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
«Lotus-Notes» ақпараттық құжат айналымына қосылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.
Бөлімімен аудан әкімі аппаратына «Lotus-Notes» жүйесі арқылы құжат айналымы бойынша әр сәрсенбі сайын мәлімет беріледі.
2021 жылға арналған істер-номенклатурасы 2021 жылы 1 ақпан айында ауданның мұрағатымен келісіп бекітілген.
Бұдан әрі, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының негізінде бөлімде 120-баптың талаптарына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдері, мөрлер, мөртабандар және құжаттарды қорғау құралдары мөрленетін сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.
Алайда, жоғарыда аталған ережелердің 110-бабына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды ұйым басшыларының бұйрықтарымен (өкімдерімен) тағайындалатын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады (яғни жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалмайды).
2021 жылдың 9 айында бөлім басшысы негізгі құрам бойынша 17, жеке құрам бойынша 14 бұйрық қабылдаған.
нәтижелері.
Бөлімге қатысты 2021 жылы 9 айында тексеріс жүргізілмеген
3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
Бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында арнайы жадынамалар ілінген.
2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық "Ayyl janalygy-Сельская-новь" газетінде 1 мақала жарияланған (Парасыз қоғам – ұлт болашағы).
2021 жылдың 9 айында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі бойынша 63 қызметтік хат келіп түскен. 2021 жылдың 9 айында бөлімге заңды тұлғадан 1 өтініш түскен.
Шығыс құжаттардың 100% мемлекеттік тілде рәсімделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 90-бабына сәйкес «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.» делінген.
Бөлім басшысы бекіткен кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне ай сайын жеке қабылдау жүргізеді.
2021 жылы 9 айда бөлім басшысы 9 азаматты қабылдады. 9-на ауызша түсінік берілді.
Прокурорлық қадағалау актілері болмаған.
6) Сот актілері.
2021 жылы бөлімге қатысты сот актілері болған жоқ.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде қорытынды және ұсынымдар:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз-қарасты нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырумақсатында іс-шара жоспары әзірленіп, тиісті жұмысты жандандыру;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау;
- Кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтаманы 1 ай мезімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жұмыс тобына ұсыну.