Байзақ ауданы «Көктал ауылы әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы «Көктал ауылы әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы №15-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының
8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа алып, «Көктал ауылы әкімі аппараты» КММ-ніңқызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Байзақ ауданы Көктал ауылы әкімі аппараты (әрі қарай - Мекеме) қызметінің 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 1-29 қазан аралығында жүргізілді.

         Мекеме Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексін , «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-Процестік Кодексін» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, қызмет атқарады.

Көктал ауылы әкімі аппаратында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» енгізілмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілмеген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы стенд қарастырылған.

         Мекеменің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Байзақ ауданы Көктал ауылы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны – 6. Олар: ауыл әкімі Кайпулдаев Серик Калыбекович, бас мамандары Мамытбаев Жасұлан Халкенұлы, Нарбаев Алибек Караханович, Парымбеков Мұрат Қанатұлы,  Шажирова Раушан Жумабаевна және жетекші маманы Өмірәлиев Есет Досмаханұлы.

Ішкі немесе жалпы конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған мемлеккеттік қызметшілер жоқ.

Ауыл әкімінің 2021 жылы 16 сәуірдегі №3-ж/қ өкімімен Көктал ауылы әкімі аппаратының есепші бас маманы Шажирова Раушан Жумабаевнаға өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

E-қызмет ықпалдастырылған жүйесінде демалыс беру туралы, іс-сапарға жіберу туралы және т.б. өкімдері уақытылы енгізілуде. Ауыл округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің еңбек уақытын есептеу кестесі (табель) E-қызметте уақытында жүргізілген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес ауылдық округ ғимаратында стенд ілінген.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мекемеде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын  тұлғалар арасында жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей байланысты лауазымдар жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Көктал ауыл аппаратында барлығы: 93 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 4
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 79
  3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»-0
  4. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 10
  5. «Мектепке дейінгі білім беру балаларын кезекке қою»-0

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шаралар тұрғындар арасында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілмеген.

     Қызмет алушыларға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ақпараттық тақтайшалар жаңартылған.

Сондай-ақ ауылдық округ ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналастырылмаған.

     Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет алу үшін жағдай жасалынып, пандус орнатылған.

  1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру.

Мекемеде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Мекемеде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер.

«Lotus-Notes» ақпараттық құжат айналымына қосылып, қазіргі таңда

жұмыс жасауда.

2021 жылға арналған істер номенкулатурасын ағымдағы жылдың 17 ақпан айында аудандық мұрағатпен келісіліп, бекітілген.

         Ауыл әкімінің жеке құрам бойынша – 9 бұйрық, негізгі құрам бойынша – 66 бұйрық, 78 шешімдері тіркелген.

Бұдан әрі, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысының негізінде Көктал ауылдық округі әкімінің аппаратында (бұдан әрі - әкім аппараты) 110-бабына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды ұйым басшыларының бұйрықтарымен (өкімдерімен) тағайындалатын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

Сондай-ақ, іс жүргізу журналдары жоғарыда аталған ережелердің 118-бабына сәйкес келмейді (журналдардың парақтары нөмірленбеген, тігілбеген және оларға мөр басылмады.). Тіркеу-есепке алу журналдары жауапты тұлғамен толық көлемде жүргізілмеген.

Ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің фирмалық бланктерде параметрлері сақталған.

2) Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері.

2021 жылдың 9 айында мекемеге қатысты тексеріс жүргізілмеген.

3) Бұқаралық ақпарат құралдардағы жарияланымдар.

Хаттамалар формальді түрде ғана рәсімделген. Себебі берілген жауаптар бойынша нақты, сапалы орындалғаны туралы ақпарат көрсетілмеген.

Мекемеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында арнайы жадынамалар ілінген.

2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық "Ayyl janalygy-Сельская-новь" газетінде 2 мақала жарияланды (Жемқорлықпен күрес; Баршаға ортақ міндет).

4) Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштер

Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері анықталмаған.

         Көктал ауылдық округіне ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 74 жолданым (жеке тұлға – 74, заңды тұлға - 0) келіп түсті. Жеке тұлғалардан келіп түскен жолданымдардың 46-ы қанағаттандырылып, 28-не жазбаша түсінік берілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің    90-бабына сәйкес «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті» делінген.

Азаматтарды қабылдау кестесі ілінген. Осыған орай, ауыл әкімі ағымдағы жылдың 9 айында- 14 жеке қабылдау өткізген. Жеке қабылдау кезінде азаматтардың өтініштеріне ауызша түсінік берілген.

         Жеке және заңды тұлғалардан түскен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына ай сайын салыстыру актілері беріледі.

Мекеме «ЛОТУС NOTES» жүйесі арқылы құжат айналымы бойынша әр апта сайын мәлімет беріледі.

Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері анықталмаған.

         Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі анықталған жоқ.

         Жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау іс-шаралары орындалуда.

         Жеке және заңды тұлғалардан түскен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына ай сайын салыстыру актілері беріледі.

5) Прокуратуралық қадағалау актілері.

         Аудан прокуратурасының №2-0702-21-00287 ұсынысы бойынша 2021 жылғы 18 наурызда мекеме бухгалтеріне тәртіптік жаза қолданылды.

6) Сот актілері.

         2021 жылдың 9 айында Мекемеге қатысты сот актілері болған жоқ.

 

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде қорытынды және ұсынымдар:

- Аталған кемшіліктерді назарға алып, заңдылықтың бұзылуын жоюға және алдағы уақытта болдырмауға тиісті шараларды қолдану;

- Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз-қарасты нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында іс-шара жоспары әзірленіп, тиісті жұмысты жандандыру;

- Жалпы құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу мақсатында тәжірибе алмасу үшін бөлімнің жұмысына қатысты заңдарды оқыту;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын сақтау;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау";

         - Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын сақтау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау;

- Кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтаманы 1 ай мезімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жұмыс тобына ұсыну.

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
09 ноября 2021