Байзақ ауданы «Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы «Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы №15-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының
8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа алып, Байзақ ауданы «Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппараты (әрі қарай - Мекеме) қызметінің 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 1-29 қазан аралығында жүргізілді.

         Мекеме «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексін, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-Процестік Кодексін» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, қызмет атқарады.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы стенд қарастырылған.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» енгізілмеген.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мақсатында 2021 жылға арналған құқықтық оқытуды өткізудің кестесі бекітілген, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 6 хаттама толтырылған.

         Мекеменің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны – 8. Олар: Ауыл әкімі Абаханов Газиз Кыдыралиевич, әкім орынбасары Байдилдаева Толкынай Амирбековна, бас мамандары Джумабеков Умирузак Зукурович, Канаева Гульжан Болысбековна, Кеңесбеков Еркен Маратұлы, Оразымбетов Нурлан Жанабаевич, Толегенов Шындос Кайратулы, Утегенов Аскер Кошкинбаевич.

Ішкі немесе жалпы конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған мемлеккеттік қызметшілер жоқ.

         Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маманы Канаева Гульжан Болысбековнаға «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарын бұзғаны үшін 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1-ж/қ өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

         Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Абаханов Газиз Тлеубаевичке тұрғындардың арасында екпе алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №232-Ж/Қ өкімімен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

E-қызмет ықпалдастырылған жүйесінде демалыс беру туралы, іс-сапарға жіберу туралы және т.б. өкімдері уақытылы енгізілуде. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің еңбек уақытын есептеу кестесі (табель) E-қызметте уақытында жүргізілген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес ауылдық округ ғимаратында стенд ілінген.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Мекемеде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын  тұлғалар арасында жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей байланысты лауазымдар жоқ.      

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ботамойнақ ауылдық округінде барлығы: 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 3
  3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
  4. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 2
  5. «Мектепке дейінгі білім беру балаларын кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шаралар тұрғындар арасында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілмеген.

     Қызмет алушыларға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ақпараттық тақтайшалар жаңартылған.

Сондай-ақ ауылдық округ ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан.

     Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет алу үшін жағдай жасалынып, пандус орнатылған.

  1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру.

Мекемеде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Мекемеде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер.

«Lotus-Notes» ақпараттық құжат айналымына қосылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

2021 жылғы іс-номенклатураны аудандық мұрағатпен ағымдағы жылдың  12 ақпан күні бекітілген.

Бұдан әрі, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысының негізінде Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппаратында (бұдан әрі - әкім аппараты) 120-баптың талаптарына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдері, мөрлер, мөртабандар және құжаттарды қорғау құралдары мөрленетін сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.

Жоғарыда көрсетілген ережелердің 110-бабына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды ұйым басшыларының бұйрықтарымен (өкімдерімен) тағайындалатын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 118 бабына сәйкес журналдардың парақтары нөмірленіп, тігілген, алайда  оларға мөр басылмады.

Ауыл әкімінің жеке құрам бойынша – 18 бұйрық, негізгі құрам бойынша – 60 бұйрық, 65 шешімдері тіркелген.

Ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерін фирмалық бланкілерге шығаруда параметрлер сақталған.

Бақылауда тұрған аудан әкімінің қаулылары, аудан әкімінің өкімдері, шешімдерінің орындалуы бойынша мәліметтерге жинақ папкалары арналған, орындалуы туралы ақпарат тиісті бөлімдерге жолданған.

2) Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері .

Ауылдық округқа қатысты 2021 жылы тексеру жүргізілмеген.

3) Бұқаралық ақпарат құралдардағы жарияланымдар.

Мекемеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында арнайы жадынамалар ілінген.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жоспарланған іс-шарасы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамаларын формалды түрде рәсімделген.

2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық "Ayyl janalygy-Сельская-новь" газетінде 1 мақала «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел –өсіп өркендеуші ел!» жарияланды.

  • Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Ботамойнақ ауылдық округіне ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 79 жолданым (жеке тұлға – 77, заңды тұлға - 2) келіп түсті. Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің 48 қанағаттандырылып, 29-на түсінік берілген. Заңды тұлғалардан түскен өтініштердің 2 қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің    90-бабына сәйкес «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті» делінген.

Азаматтарды қабылдау кестесі ілінген. Осыған орай, ауыл әкімі бекіткен кестеге сәйкес 9 айында 23 азаматты қабылдады. 23-не заңға сәйкес ауызша түсінік берілді.

Ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 67 негізгі кұрам өкіміне "қолмен" түзету енгізілген.

         Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі анықталған жоқ.

         Жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау іс-шаралары орындалуда.

          Жеке және заңды тұлғалардан түскен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына ай сайын салыстыру актілері беріледі.

      Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері анықталмаған.

5) Прокуратуралық қадағалау актілері.

         Прокурорлық қадағалау актілері тіркелмеген.

         6) Сот актілері.

         2021 жылдың 21 қазандағы №3136-21-00-3/430 іс.

 

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде қорытынды және ұсынымдар:

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;

- Ауылдық округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау;

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын сақтау;

- Кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтаманы 1 ай мезімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жұмыс тобына ұсыну.

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
09 ноября 2021