Байзақ ауданы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы №15-Н/Қ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Байзақ ауданы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Байзақ ауданы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ –нің (әрі қарай - Бөлім) қызметінің 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың
1-28 қазан аралығында жүргізілді.

Бөлім «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңын, «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығын, «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 88-нқ бұйрығын басшылыққа алып қызмет атқарады.

Бюджеттік қаражаттардың жымқырылуына жол бермеу мақсатында бөлімде Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бар.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы стенд қарастырылған.

         Бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметшілер саны – 5. Олар: бөлім басшысы Садыров Ербол Кыдыралиевич, сектор меңгерушілері Шалов Мурат Кадиркулович, Кенжебеков Дархан Еркинович, бас маманы Назарбек Жалғас Еркінұлы және 1 бос орын.

Ағымдағы жылы аудан әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №116-Ж/Қ өкімімен бөлім басшысы Садыров Ербол Кыдыралиевичке шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі сипатындағы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені  түрдегі қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

E-қызмет ықпалдастырылған жүйесінде демалыс беру туралы, іс-сапарға жіберу туралы және т.б. өкімдері уақытылы енгізілуде. Бөлім қызметкерлерінің еңбек уақытын есептеу кестесі (табель) E-қызметте уақытында жүргізілген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес бөлім ғимаратында стенд ілінген.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын  тұлғалар арасында жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей байланысты лауазымдар жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

«Байзақ  ауданы  әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-і арқылы  7 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 9 айында бөлімде электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны барлығы: – 415 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

 

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру-389
  2. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну-20
  3. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру-0
  4. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу-6
  5. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру-0
  6. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру-0
  7. Жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға рұқсат беру-0

Бөлім ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат» (қазақ тілдерінде - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат», «Информация о государственных услугах») тақырыбындағы ақпараттық тақтайша ілінген.

  1. 4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. 5. Бақылау функцияларын іске асыру.

Бөлімде бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. 6. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
  • Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер.

«Lotus-Notes» ақпараттық құжат айналымына қосылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі аудан әкімі аппаратына «Lotus-Notes» жүйесі арқылы құжат айналымы бойынша әр сәрсенбі сайын мәлімет беріледі.

2021 жылға арналған істер-номенклатурасы 2021 жылы ақпан айында ауданның мұрағатымен келісіп бекітілген.

Бұдан әрі, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының негізінде бөлімде 120-баптың талаптарына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдері, мөрлер, мөртабандар және құжаттарды қорғау құралдары мөрленетін сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталмаған.

Алайда, жоғарыда аталған ережелердің 110-бабына сәйкес қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды ұйым басшыларының бұйрықтарымен (өкімдерімен) тағайындалатын лауазымды тұлғалар жүзеге асырады яғни жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалмаған.

2021 жылдың 9 айында бөлім басшысы негізгі құрам бойынша 125, жеке құрам бойынша 15 бұйрық қабылдаған.

  • Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру

нәтижелері.

         2021 жылғы 10 маусымдағы №81 Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылғы бір көзден өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде төменде көрсетілген келісім шарттары бойынша айыппұл салынып, мерзімінде төленді.

№101140020040/200171/00, 1011400402040/210053/00, 101140020040/210047/00, 101140020040/210035/00,  101140020040/210034/00, 101140020040200170/00, 101140020040/200166/00, 101140020040/200168/00, 101140020040/200172/00, 101140020040/200173/00, 101140020040/200174/00

         3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

Бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында арнайы жадынамалар ілінген.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жоспарланған іс-шарасы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамаларын формалды түрде рәсімделген.

2021 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық "Ayyl janalygy-Сельская-новь" газетінде 1 мақала жарияланған (Пікірталас арқауы – жемқорлықпен күрес).

  • Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

2021 жылдың 9 айында бөлімге 10 өтініш жеке және 3 заңды тұлғалардан өтініш түскен.

Сонымен қатар, 104 қызметтік хат келіп түскен. Шығыс құжаттардың 123 немесе 100% мемлекеттік тілде рәсімделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің    90-бабына сәйкес «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті» делінген.

Бөлім басшысы бекіткен кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне ай сайын жеке қабылдау жүргізеді. 2021 жылы 9 айда бөлім басшысы 10 азаматты қабылдады. 10-на ауызша түсінік берілді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі анықталған жоқ.

Жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау іс-шаралары орындалуда.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге құқықтық статистика органдарға ай сайын салыстыру актілері беріледі.

  • Прокурорлық қадағалау актiлерi;

Аудан прокуратурасының 2021 жылдың 30 сәуірдегі №2-0702-21-00455 «Заңдылықты бұзушылықты жою туралы» ұсынысында көрсетілген фактілер бойынша Байзақ ауданы әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы өкімімен бөлім басшысы Е.Садыровқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

6) Сот актілері.

2021 жылы Байзақ аудандық сотының өндірісінде 1 әкімшілік іс қаралуда.

 

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде қорытынды және ұсынымдар:

 - Аталған кемшіліктерді назарға алып, заңдылықтың бұзылуын жоюға және алдағы уақытта болдырмауға тиісті шараларды қолдану;

         - Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз-қарасты нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында іс-шара жоспары әзірленіп, тиісті жұмысты жандандыру;
         - Жалпы құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу мақсатында тәжірибе алмасу үшін бөлімнің жұмысына қатысты заңдарды оқыту;

         - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын сақтау;

         - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау";

         - Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын сақтау;

         - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау;

         - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау;

- Кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтаманы 1 ай мезімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жұмыс тобына ұсыну.

 

 

 

 

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
09 ноября 2021