Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12,9 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдеге дейінгі сегіз ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 938,9 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен маңызды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 млрд теңгеге немесе 8% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 1 қыркүйекте 7,65%, ал инфляция 5,8% болды. Соңғы 12 айда инфляция 8,7%, кірістілік 10,68% көрсетті.