Байзақ ауданы Көптерек ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Байзақ ауданы Көптерек  ауылы  әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама 

2021 жылы 26 қыркүйекте  Көптерек  ауылы  әкімінің сайлауы өтті.

Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 81,87 пайыз дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 4 адам.

«Nur Otan» - 1 адам,

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 3 адам.  

Көптерек ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Ауыл бойынша сайлаушылардың 79,86 пайызы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер– 2,18 пайыз «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0,3 пайыз.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

С.П.Кусемисов-61,03 пайыз, Т.Т. Наржанов-26,42 пайыз, Б.А.Жуматаев-7,42 пайыз, Т.Е.Жунисов-5,13 пайыз.                                                               
Көптерек ауылы әкіміне сайланған Кусемисов Самат Парымбекович, 1974 жылы туылған, Көптерек ауылы әкімі аппаратының бас маманы, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Кеңес ауылында тұрады.

Байзақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы
27 қыркүйектегі шешімімен, 2021 жылы  26 қыркүйекте сайланған  Байзақ ауданы, Көптерек ауылы әкімін тіркеді.

 

Байзақ ауданы Көптерек ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы
Дата публикации
27 сентября 2021