Байзақ ауданында Бурыл ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының
4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданының Бурыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Бурыл, Қумжота ауылдарының шекарасында Бурыл сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округі тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Байзақ аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь».
Байзақ аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Тулепбергенов
Байзақ аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Анаркулова
Сарыкемер ауылы,
2021 жылғы 24 қырқүйек, №29