2021 жылғы 1 қыркүйегіне Байзақ аудандық бюджеттің (азаматтық бюджет) атқарылуы туралы
2021 жылдың 1 қыркүйегіне аудандық бюджеттің кірістері 13 млрд. 599,4 млн.теңге сомасында немесе 103,5%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 455,4 млн.теңге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, кірістер 74,3%-ке немесе 4 млрд 708,7 млн.теңгеге азайған.
Жалпы кірістердің 8,6%-ін меншікті кірістер, 9,2%-ін облыстық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер, 20,3%-ін нысаналы даму трансферттері мен 61,9%-ін облыстық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.
Аудандық бюджеттің меншікті кірістерінің жоспары 455,8 млн.теңгеге немесе 140,1%-ке орындалды.
Жоспардағы салықтық түсімдер 411,9 млн.теңге сомасында немесе 137,5%-ке, салықтық емес түсімдер 3,0 млн.теңгеге немесе 143,3%-ке, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 40,8 млн.теңгеге немесе 232,2%-ке қамтамасыз етілді.
Есепті жылда аудандық бюджетке 12 млрд. 5,8 млн.теңге сомасындамасында трансферттер түсті, оның ішінде 8 млрд. 142,4 млн.теңге сомасында субвенция, 1 млрд 185,4 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттері және 2 млрд 677,9 млн.теңге сомасында нысаналы даму трансферттері алынды.
Аудандық бюджет шығындары жоспарда 13 млрд. 201,3 млн.теңге болса, іс жүзінде 13 млрд. 196,4 млн.теңгеге немесе 100,0%-ке орындалды.
Функционалдық бағыттар бойынша:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарда 614,9 млн.теңге болса, орындалғаны 614,3 млн.теңгені немесе 99,9%-ті құрады.
«Қорғаныс» бойынша жоспарда 10,8 млн.теңге болса, игерілгені 10,8 млн.теңгені немесе 100,0%-ті құрады.
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» бойынша жоспардағы 7,8 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша жоспарда 1 млрд 336,8 млн.теңге болса, орындалуы 1 млрд 336,6 млн теңге 100,0%-ті құрады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бойынша жоспардағы 2 млрд 679,4 млн.теңгенің 2 млрд 679,4 млн теңге сомасы 100,0%-ке игерілді.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспардағы 372,6 млн.теңге болса, орындалуы 99,8%-ті құрады.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша жоспарда 50,3 млн.теңге болса, игерілуі 100,0%-ті құраған .
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспардағы 51,3 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.
«Көлік және коммуникация» бойынша жоспардағы 72,0 млн.теңге 100%-ке игерілген.
«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспардағы млн.теңгенің 297,7 орындалуы 98,9%-ті құрады.
«Трансферттер» бойынша жоспардағы 7 млрд 707,4 млн.теңге 100%-ке игерілді.
Байзақ ауданы әкімдігінің
қаржы бөлімі