Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға жұмсауда?

 Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға жұмсауда?

2021 жылдың 9 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 421 567 өтініші
орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына
БЖЗҚ шамамен 1,8 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы
– 4,3 млн теңге.
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,2%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz
сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай
мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған.
Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға жұмсауда?
Дата публикации
10 сентября 2021