Cалық салу объектісінің Байзақ ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Cалық салу объектісінің Байзақ ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 529- бабының 6- тармағына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес салық салу объектісінің Байзақ ауданының елдi мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

2. Байзақ ауданы әкімдігінің «Салық салу объектісінің Байзақ ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2019 жылғы 29 қарашадағы № 522 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4436 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Қаулы
Дата публикации
24 августа 2021