Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне, сондай-ақ, БЖЗҚ-да көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, ондағы онлайн-қызметтердің тізімі кеңейтіліп, салымшылар мен алушыларға ақпараттық қолдау көрсету күшейтілуде.
Қазір БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетіледі. www.enpf.kz корпоративтік сайтында барлық ақпарат үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылған.
БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте Сіз:
- өз зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін тексеріп, жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме қалыптастыра аласыз;
- деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізесіз;
- инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтініш беріп, сонымен қатар осы өтініштің күшін жоя аласыз;
- зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бересіз;
- төлемге/аударымдарға берілген өтініштің жағдайын тексересіз;
- жеке зейнетақы шотыңыздың бар екендігі туралы анықтама аласыз;
- зейнетақы шартының «телнұсқасын» ала аласыз;
- ақпарат алу тәсілін «жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушы ретіндегі логиніңіз бен пароліңізді пайдалана отырып» өзгерте аласыз.