Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін және халықтың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындылары шығарылды.
Зерттеу республикалық маңызы бар 3 қала мен Қазақстанның 14 облысындағы қала және ауыл тұрғындары арасында телефон және сауалнама жүргізу арқылы өткізілді. Жалпы алғанда 3000 респонденттен сұхбат алынды, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер – 2 085 (69,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 768 (25,6%) және жұмыссыздар – 147 (4,9%).
Респонденттердің едәуір бөлігі (сұралғандардың жалпы санының 841 немесе 28,03%) коммерциялық бизнес саласында, одан әрі өндірістік бизнесте жұмыс істейтіндер - 458 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 15,27% - ы. Ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны ең азы – 62 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,07% болды.