Байзақ ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Байзақ ауданы Көктал ауылы, Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтері әкімінің сайлауына қатысты қажетті ақпарат алуға арналған Сall-орталығы ашылды. Сall-орталығының мекен жайы Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №107.
Сіз 8 (726) 372-21-44 нөміріне қоңырау шалып, алда өтетін сайлауға байланысты барлық сұрақтарға жауап ала аласыз! Байланыс орталығы сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін қызмет көрсетеді.